бөлімдер

Әлеуметтік лингвистика бөлімі

Тарихы
Салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып саналатын әлеуметтік лингвистика бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының зерттеулері КСРО кезеңінен бастау алады. Қазақ КСР-і Ғылым академиясы Тіл білімі институтының құрамында түрлі жылдарда тілдің әлеуметтік тілтанымдық мәселелерімен айналысқан бөлім – Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика бөлімі.

1978 ж. бөлім меңгерушісі ретінде Моисей Михайлович Копыленко тағайындалды. Осы уақытта бөлімде З. Ахметжанова, Л. Балақаева, Т. Жолшаева, Ж. Утесбаева, Д. Шайбақова жұмыс жасап, көптеген зерттеулер жүргізіліп, ірі еңбектер жарық көрді. 1982 ж. М.М. Копыленко мен С.Т. Саинаның «Функционирование русского языка в различных слоях казахского языка», 1984 ж. М.М. Копыленко мен З.К. Ахметжанованың «Фонетическая интерференция в русской речи казахов», 1987 ж. осы еңбектің екінші бөлімі «Лексическая и морфологическая интерференция в русской речи казахов» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбектерде қазақтардың орыс тілін қолданудағы фонетикалық, лексикалық және морфологиялық қателіктері зерттелді. Қазақстандағы тіл саясаты мәселесіне қатысты 1991 ж. қостілділік мәселесін талдаған М.М. Копыленко мен З.К. Ахметжанованың «Психолингвистический аспект двуязычия. Проблемы национально-русского двуязычия» деген зерттеулері қостілділік теориясына қосылған қомақты еңбек болды.

Қазақстандағы қазақ, орыс және өзге тілдердің қоғамдық қызметі мен оларды дамытудың әр алуан қыр-сырларына арналған ғылыми мақалалар түрлі қоғамдық пікірлер туғызып, тіл дамыту ісін саналы түрде басқарудың қазақстандық үлгілерін танытты. Солардың қатарында М.М. Копыленконың «Государственный язык и официальный язык (опыт разраничения понятий)», «Общее языкознание, социолингвистика, психолингвистика в Республике Казахстан: тенденции и перспективы развития специальности» мақалалары бар. 1988-1992 жж. бөлім меңгерушісі болып Гаркавец Александр Николаевич тағайындалды.

Бүгіні мен болашағы
Тілдің әлеуметтік мәселелерін ғылыми орта сараптамасы мен көпшілік алдындағы талқылауға салып, осы саланың дамуына үлес қосып келе жатқан Институт ғалымдары – профессор Н. Уәли және филология ғылымдарының кандидаты А.М. Фазылжанова. 2008 ж. профессор Н. Уәли мен А.М. Фазылжанованың бірлескен «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік беделін көтеру: лингоәлеуметтану аспектілері» (2013), «О современном состоянии развития казахского языка как национального и государственного языка» мақалалары жарық көрсе, 2008 ж. профессор Н. Уәлидің «Үш тілділік формуласы: Орыс тілінің тұраны түгел» және 2011 ж. «Жазба сөз және оның қоғамдық-әлеуметтік мәртебесі» атты мақалалары ғылыми көпшілікке ұсынылды. 2009 ж. А.М. Фазылжанованың «Мультимәдениеттілік және тілдік бірегейлік», «Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық және тілдік бірегейлік аспектісіндегі жаңа тұжырымдамасы туралы» мақалалары жарық көрді. 2011 ж. «Ұлттық идея – Қазақстанның дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасының аясында «Мультимәдени қоғамдағы тілдік бірегейлік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» зерттеу жұмысы орындалды (жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты А.М. Фазылжанова).

Қазіргі қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың ең өзекті мәселелері: мемлекеттік тілдің қолданылуы, қоғамдық мәні мен қызметі, орыс тілінің және өзге тілдердің әлеуметтік коммуникативтік жүйедегі орны, қостілділік, көптілділік, тіл дамытуды саналы басқару мен реттеу, тілдік бірегейлік, латыннегізді жаңа әліпбиге көшудің әлеуметтік лингвистикалық аспектісі, тіл саясаты және т.б. Аталмыш мәселелер жүйелі түрде зерттеліп, ғылыми шешімін табуы үшін 2021 ж.

Институт директоры Фазылжанова Анар Мұратқызының бастамасымен, Ғалымдар кеңесінің қолдауымен арнайы Әлеуметтік лингвистика бөлімі ашылды. Бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы – Айнұр Баймырза. Бөлім жан-жақты білімді, талапты, ізденімпаз жастардан жасақталды. Олар: PhD докторанттар Ақмарал Пиязбаева, Айжан Серікбаева, Қуатбек Дүйсенов. Бүгінде бөлім «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеуінің «Жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудің тиімді жолдары: әлеуметтік тілтанымдық зерттеу» блогы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Сонымен қатар, бөлім аясында тілдің әлеуметтік мәселелерін талқылап, шешімдер ұсынатын «Тіл және қоғам» тілтанымдық алаң жұмыс істейді.

Тұлғалар
Моисей Михайлович Копыленко
(25.11.1920-18.12.1997)
филология ғылымдарының докторы (1967 ж.), профессор (1968). Орта Азия мемлекеттік университетін бітірді (1945 ж.). Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946-1951 жж. – Одесса ғылым кітапханасының қолжазба және сирек кітаптар бөлімінде бас кітапханашы. 1951-1957 жж. − Одесса университетінде оқытушы. 1957-1978 жж. − Алматы шетел тілдері педогогикалық институтында оқытушы. 1962-1970 жж. − осы институтта ғылыми-зерттеу жұмысының проректоры. 1978-1995 жж. − ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының орыс тілі және әлеуметтік лингвистика бөлімінің меңгерушісі. 1995-1997 жж. − Қаз МӘТУ-де орыс және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. Моисей Михайловичтің жетекшілігімен 72 кандидаттық, 4 докторлық диссертация қорғалды. Моисей Михайлович – 253 еңбектің авторы, оның ішінде 14 монографиясы бар. Негізгілері: Функционирование русского языка в различных слоях казахского населения. Алма-Ата: Наука, 1982. − 11б.; Фонетическая интерференция в русской речи казахов. Алма-Ата: Наука, 1984. − 64 б.; Интерференция в русской речи казахов: (проблемы казахско-русского двуязычия). Алма-Ата: Наука, 1988. − 127 б.; Закон о языках и развитие двуязычия и многоязычия в Казахской ССР. Алма-Ата, 1990. − 16 с.
Бақытжан Хасанұлы Хасанов
(21.12.1937)
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (1960 ж.). 1960-1964 жж. аталған университеттің аспирантурасында оқыды. 1967-1993 жж. Қазақстан Ғылым академиясының Тіл білімі және философия институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 1993 ж. бері ҚР Ғылым және жаңа технология министрлігі жанындағы Тілдік даму стратегиясы орталығының директоры қызметіне қоса 1998 ж. басынан ҚР СІМ Дипломатия академиясы мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі. 1965 ж. «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» деген тақырыпта кандидаттық, 1992 ж. «Қазақстан Республикасындағы қазақ тілі қызметінің әлеуметтік-лингистикалық проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ, орыс, корей тілдері және әлеуметтік лингвистика жөнінде 200-ден аса еңбек жазды. Оның 8-і монография, 5-уі кітапша, 2 оқулық.
Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова
(05.04.1945)
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы (1992 ж.), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Абай атындағы АлМУ-ды бітірді (1966 ж.). 1966-1969 жж. – М. Торез атындағы Мәскеу шет тілдер институтында аспирант. 1969-1985 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының аға ғылыми қызметкері, доценті. 1985-1987 жж. – М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жалпы тіл білімі кафедрасының аға ғылыми қызметкері. 1987-1993 жж. – ҚазМҰУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. 1993-1994 жж. – Мериленд штаты (АҚШ) университетінің Славистика департаментінің профессоры. 1995 ж. – ҚазМҰУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. Профессор Э.Сүлейменованың ғылыми монографиялары мен шәкірттерінің еңбектері тіл білімінде ірі екі бағытты қамтиды: бірі – қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерудің теориясы мен практикасы; екіншісі – Қазақстанның әлеуметтік лингвистикасының теориялық мәселелері, Қазақстанның тілдік ландшафты, тілдік жоспарлауы, әлеуметтік лингвистика терминологиясы саласындағы зерттеулер. Э. Сүлейменова – 19 ғылым докторын, 40 ғылым кандидаты мен 6 PhD докторын даярлаған ғылыми мектептің көшбасшысы.
Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова
(05.04.1945)
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы (1992 ж.), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Абай атындағы АлМУ-ды бітірді (1966 ж.). 1966-1969 жж. – М. Торез атындағы Мәскеу шет тілдер институтында аспирант. 1969-1985 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының аға ғылыми қызметкері, доценті. 1985-1987 жж. – М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жалпы тіл білімі кафедрасының аға ғылыми қызметкері. 1987-1993 жж. – ҚазМҰУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. 1993-1994 жж. – Мериленд штаты (АҚШ) университетінің Славистика департаментінің профессоры. 1995 ж. – ҚазМҰУ-дың Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. Профессор Э.Сүлейменованың ғылыми монографиялары мен шәкірттерінің еңбектері тіл білімінде ірі екі бағытты қамтиды: бірі – қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерудің теориясы мен практикасы; екіншісі – Қазақстанның әлеуметтік лингвистикасының теориялық мәселелері, Қазақстанның тілдік ландшафты, тілдік жоспарлауы, әлеуметтік лингвистика терминологиясы саласындағы зерттеулер. Э. Сүлейменова – 19 ғылым докторын, 40 ғылым кандидаты мен 6 PhD докторын даярлаған ғылыми мектептің көшбасшысы.

Бөлімнің ғылыми қызметкерлері
Ақмарал Бейсенқұлқызы Пиязбаева
(28.12.1983)
2001-2006 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша білім алды. 2006 ж. бастап білім беру саласының түрлі оқу орындарында, атап айтсақ, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық экономикалық университетінің колледжінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Тұран университетінде кәсіби қазақ тілі пәнінен оқытушысы, әдіскер қызметтерін атқарды. 2014-2016 жж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистратурасын бітірді. 2017 ж. наурыз айынан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөліміне кіші ғылыми қызметкер қызметіне қабылданып, «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасы» жоба орындаушыларының бірі болды. 2020 ж. аталмыш Институттың PhD докторантурасына оқуға қабылданды. 2021 ж. шілде айынан бастап Әлеуметтік лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, қазан айынан бастап ғылыми қызметкері.
Айжан Дүйсенбайқызы Серікбаева
(30.09.1988)
2006-2010 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. 2010-2012 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің «Лингвистика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. 2014 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөліміне кіші ғылыми қызметкер ретінде қабылданды. 2015 ж. Институт ұйымдастырған «Жас ғалымдардың үздік мақаласы» атты байқауы бойынша Э.Робинсон атындағы сыйлықтың иегері атанды. 2017 ж. «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсті. 2019 ж. Сегед университетінде (Венгрия, Сегед қ.) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2020-2021 жж. Институт ғалым-хатшысы міндетін атқарды. 2021 ж. шілдесінен бастап Әлеуметтік лингвистикасы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, қазан айынан бастап ғылыми қызметкері. 2021 ж. қыркүйегінен бастап «Тілтаным» лингвистикалық журналының редакторы. 2015 ж. Институттың Алғыс хатымен, 2017 ж. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, 2019 ж. «Жазушы», «Мектеп» баспаларының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қуатбек Қонысбайұлы Дүйсенов
(26.02.1992)
2009-2013 жж. Сүлейман Демирел атындағы университетінде «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. 2013-2015 жж. Сүлейман Демирел атындағы университетте «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2018-2021 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыды. 2017 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері. «Латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылымилингвистикалық базасын әзірлеу» (2018-2020 жж.), «Қазақ тілінің неографиялық базасы» (2018-2020 жж.) ғылыми жобаларының орындаушыларының бірі. 2021 ж. шілдесінен бастап Әлеуметтік лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, қазан айынан бастап ғылыми қызметкері.

Әлеуметтік лингвистика бөлімінің жарияланымдары
Негізгі жарияланымдар
1. Ахметжанова З . К. Фонетическая интерференция в русской речи казахов. Алма- Ата, Наука, 1984, с. 154 /в соавторстве с М.М. Копыленко/.
2. Ахметжанова З . К. Лексическая и морфологическая интерференция в русской речи казахов. Алма-Ата, с.120 /главы 3,4/.
3. Ахметжанова З . К. Интерференция в русской речи казахов. Алма-Ата, Наука, 1988, -с,127 /соавтор. 3,4,5/.
4. Ахметжанова З . К. Реализация закона Казахской ССР о языке и развитие рус - ско-казахского двуязычия // «Қазақстандағы тіл саясаты және оны жүзеге асыру жолдары». Бірінші бөлім. Алматы, 1990. 19-21 б. /в соавторстве с М . М . Копыленко/.
5. Ахметжанова З . К. Воздействие социально − демографических факторов на выбор языка коммуникации // Проблемы общего и сравнительного языкоз - нания. Материалы научно − теоретической конференции, посвященной 75 − летию проф. М . М . Копыленко. Алматы, КазГУМО и МЯ, 1997. С. 46-55.
6. Ахметжанова З . К. О языковой ситуации в Казахстане // Русский язык в со - циально − культурном пространстве ХХI века. Международная конференция МАПРЯЛ. Алматы, 10-12 сентября 2001. Алматы, 2001. Стр. 222-223.
7. Ахметжанова З . К. О перспективах исследования билингвизма в Казахстане, Бодуэновские чтения. Международная научная конференция. Казань, 2001 г. 11-13 декабря, 50-51 стр.
8. Ахметжанова З . К. О билингвизме и полилингвизме в Казахстане // Пробле - мы билинвизма и интерференции. Материалы международной конференции. Ташкент 2002.
9. Ахметжанова З . К. К вопросу о витальности казахского языка // Тілтаным. Алматы.
10. Ахметжанова З . К. О некоторых аспектах трехъязычия // Триединство языков, проблемы и перспективы. Караганды, 2010.
11. Ахметжанова З . К. Новые направления социальной лингвистики. Алматы, 2011. с. 147.
12. Ахметжанова З . К. Гендерная идентичность и ее проявление в языке // Тіл. Мәдениет. Коммуникация. -1. Алматы, 2013.
13. Ахметжанова З . К. Қазақ тілінің қарқынды дамуындағы тілдік саясат және тілді тану мәселелері // Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы. 2010, №1; 9-19 бб.
14. Ахметжанова З . К. Vitality of the Kazakh Language as the Problem of Linguistics and Language Policy // Materials of the international scientific conference “Science and education: no language barriers” Pavlodar, 2011, pp 19-25.
15. Баймырза А.А. Жастардың тілдік сәйкестілігі мен көптілділігін зерттеуде әдістәсілдер таңдау негіздемесі. ҚазҰУ хабаршысы, №1, 2016
16. Баймырза А.А. Тілдік сәйкестіліктің субъектісі – жастардың әлеуметтік мінезде - месі. «Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, Алматы, 22.04.2016-22.04.2016
17. Баймырза А.А. Языковая идентичность: к постановке вопроса. Абай ат.ҚазҰПУ, №3 (57), 2016
18. Баймырза А.А. Қазақстандағы көптілділік ғылым призмасы арқылы. Абай ат.ҚазҰПУ, №4 (58), 2016
19. Баймырза А.А. Языковая идентичность и полиязычие общества Казахстана. Профессор Э. Д. Сүлейменова құрметіне арналған « Ғылым және білім берудегі жаңа трендтер» атты II ғылыми-әдістемелік симпозиум, 2017
20. Баймырза А.А. Роль русского языка в процессах языковой языковой идентифи - кации студенческой молодежи Казахстана. VII Международная конференция « Сохранение, поддержка и продвижение русской культуры и языка за рубе - жом» 28-29.11.2017
21. Баймырза А.А. The role of the Russian language in the determination of Kazakh students. Opción, Año 35, Especial No.23 (2019): 800-817 ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385
22. Баймырза А.А. Қазақстандағы масс-медиа тілі: әлеуметтік-лингвистикалық талдау. XV Международная научно-практическая конференция «Актуальные научные достижения – 2019», Publishing House “Education and Science” 22- 30.06. 2019
23. Дүйсенов Қ.Қ. Ұлттық тілде экономикалық мәдениетті дамыту мәселелері. iScience. «Актуальные научные исследования в современном мире». №9 (77), часть 4. Переяслав. 2021
24. Дүйсенов Қ.Қ. Қазақстандық әлеуметтік желілер мен қолданушылар: сандық және сапалық лингвистикалық талдау (лексикалық жаңалықтарға сәйкес). – 27- 37 б. Журнал КазахстанСпектр.
25. Копыленко М. М., Саина С. Т. Функционирование русского языка в различных слоях казахского населения. Алма-Ата: Наука, 1982. − 11с.
26. Копыленко М. М., Ахметжанова З. К. Фонетическая интерференция в русской речи казахов. Алма-Ата: Наука, 1984. − 64 с.
27. Копыленко М. М. Интерференция в русской речи казахов: (проблемы казахскорусского двуязычия). Алма-Ата: Наука, 1988. − 127 с.
28. Копыленко М. М. О семантической природе молодёжного жаргона // Социально − лингвистические исследования. М.: Наука, 1976. − с. 79 − 86
29. Копыленко М . М О выразительных средствах эсперанто // Учёные записки Тартуского госуниверситета. Вып. 644. Тарту, 1983. − с. 65 − 76
30. Копыленко М. М. Типология казахских эквивалентов русским фразеосочета ниям // Известия АН Каз. ССР, серия филологическая, 1986, № 3 − с.8 − 15
31. Копыленко М. М. Социальное и этническое в языке (очерк взаимодействия). Облик слова. Сб. статей памяти Д. Н. Шмелёва. М., 1997. − с. 354−360
32. Пиязбаева А. Б. Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдаят: әлеуметтік лингвистикалық талдау Қазақстан Пеагогикалық ғылымдар академиясының Хабаршысы. Филология сериясы № 4, 2019. – 79-88 бб.
33. Пиязбаева А. Б. The Language situation of Kazakhstan: Sociolinguistic analysis. Ахмет Ясауи университетінің Хабаршысы ғылыми журналы. Филология се риясы. №1, (119), 2021. – 220-228 бб.
34. Пиязбаева А. Б. Бизнес ортадағы қазақ тілінің әлеуетін анықтау және тілдік про - блемаларды шешудің жолдарын ұсыну. ҚР БҒМ Тіл саясаты комитеті «Шеттілдік терминдерді игерудің халықаралық тәжірибесі» атты халықаралық ғылымипрактикалық конференция материалдары. Астана. 2021.
35. Серікбаева А. Қазақтілді виртуалды ортаның тілдік ерекшеліктері. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналы, №3, 2018 ж.,
36. Серікбаева А. The Kazakh Lexicon оf The Virtual Communication. The bulletin The National Academy of Sciences Of the Republic of Кazakhstan. Volume 4, number 380 (2019), 141 – 146
37. Серікбаева А. Әлеуметтік желідегі ағылшын тілінен енген жаңа сөздер. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №4 (81) 2019, 293-296 бб.
38. Серікбаева А. Виртуалды коммуникацияның тілтанымдық аспектісі. V Халықаралық Фараби оқулары. Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары, Алматы 11- 12.04.2018.
39. Серікбаева А. Неологизмы в виртуальной коммуникации. CXIII международная научно − практическая конференция «Молодой исследователь: вызовы и перспективы» 15 апреля 2019 г., Москва. Фазылжанова А.М. Ұлттық бірегейлік және тілдік бірегейлік аспектілерінде мемлекеттік тілді оқытудың жаңа тұжырымдамасы // «Жаһандану: ұлттық бірегейлік және қазақ тілінің өміршеңдігі» дөңгелек үстел, 10 желтоқсан, 2008 ж, Алматы.
40. Фазылжанова А.М. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік беделін көтеру: лингоәлеуметтану аспектілері (Н.Уәлимен бірге) // Тілтаным, 2008, № 4;
41. Фазылжанова А.М. Мультимәдениеттілік және тілдік біргейлік // Туған тіл, 2009 ж., №1.
42. Фазылжанова А.М. Қоғамдық сананың түрлері және тілдік бірегейлік (Н.Уәлимен бірге) // Хабаршы, филология сериясы. 2009, №4.
43. Фазылжанова А.М. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастырудың тарихи тағылымы және оны дамытудың әлеуметтік-лингвистикалық негіздері (Н.Уәли, Қ.Күдериновамен бірге).
44. Фазылжанова А.М. Қазіргі Қазақстандағы үштілділікке қатысты ұсыныстар және оның типтері мен моделі туралы // Zhas galim. Алматы, №1 2011.
45. Фазылжанова А.М. Мультимәдени қоғамдағы тілдік бірегейлік (лат. identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі // Мемлекеттік тіл ұлттық бірегейліктің негізі. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
46. Фазылжанова А.М. Үштілділік моделі және Қазақстанның ұлттық бірегейлігі (проф. Р.Қадыржановпен бірге) // Тілтаным, №1, 2012 ж.
47. Фазылжанова А.М. Үштілділікке қатысты тілдік жағдаяттың алғашқы әлеуметтанушылық зерттеуі 22 л. Тіл. Мәдениет. Коммуникация. «Елтаным баспасы». – Алматы, 2013. – С.18-40. (М.Нұрғалиевамен бірге).
48. Фазылжанова А.М. О современном состоянии развития казахского языка как национального и государственного языка Республики Казахстан // Тілтаным. – 2013. – №17 (в соавторстве с Н.Уали).
49. Фазылжанова А.М. Мемлекеттік тіл: эволюциясы, динамикасы, болашағы (тілтанымдық, әлеуметтік тілтанымдық, әлеуметтанымдық, саясаттанымдық аспектілер). Ұжымдық монография (Н.Уәли, Р.Шойбеков, Г.Исаева, Э.Өтебаевамен бірге) Алматы: Ғылым ордасы. 2017. – С. 380 б.
50. Фазылжанова А.М. Современная языковая ситуация в Казахстане: динамика и особенности изменений // Казахстан. Спектр, Научный журнал. 2017/4 (82).